
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассоциациясы (МАПРЯЛ)
МАПРЯЛ – орыс тілі мен әдебиетін әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретінде үйрену, дамыту және кеңінен тарату мақсатында құрылған үкіметтік емес қоғамдық бірлестік.

British Council
British Council – Біріккен Корольдіктің білім беру және мәдени байланыстар саласындағы халықаралық ұйымы. Ол елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. British Council өнер, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту салаларында 100-ден астам елде жұмыс істейді. Қазақстанда 1994 жылдан бері Алматы мен Астанада жұмыс істейді және жыл сайын мыңдаған студенттермен, оқытушылармен, саясаткерлермен және шығармашылық өкілдерімен байланыс орнатады.

БҰҰ «Академиялық орталармен өзара қарым-қатынас» (UNAI) бастамасы
UNAI – жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жаһандық бағдарлама. Бәйішев Университеті 2015 жылдың желтоқсанынан бері мүшесі. Қатысу университетке интеллектуалдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын жаһандық желінің артықшылықтарын береді.

«Еуразия халықтары достастығы» автономды коммерциялық емес ұйымы
2014 жылы мамырда құрылған. Мақсаты – ТМД елдері арасындағы интеграциялық үдерістерді қолдау.

«Академиялық қызмет қауымдастығы» (Сербия)
Мақсаты – кәсіби дағдыларды дамыту, өзіндік білім алу, коммуникация және үздік тәжірибе алмасу. Сербия, ТМД, Балқан, Еуропа және АҚШ университеттерімен серіктестік орнатады.

Түркі халықтары ғылым академиясының қоры (АНТН)
Қор түркі әлемінің мәдени және өркениеттік мұрасын сақтау және жаңа ұрпаққа жеткізу үшін құрылған. Әлемнің түрлі елдеріндегі бауырлас ғылыми қауымдастықтарды біріктіреді, көпсалалы ғылымдарда (әлеуметтану, антропология, фольклор, тарих, экономика, өнер және т.б.) академиялық мақсаттар қояды.