Baishev University

Академиялық Ұтқырлық

Академиялық еркіндік – білім беру процесінің субъектілеріне таңдау компонентін кеңейтіп, оқытудың қосымша түрлері бойынша білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы.

Кредиттік ұтқырлық – білім алушыларды өз оқитын ЖООКБҰ-да оқуды жалғастыру шеңберінде – академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шектеулі белгілі бір шетелдік оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру (ұтқырлық фазасынан соң білім алушылар өз оқуын аяқтау үшін өз білім беру ұйымына оралады).

Транскрипт (Transcript) – құжат, белгілі бір оқу аралығында көрсетілген тізімдегі оқу пәндері (модульдер) мен игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат. Кредиттер мен бағалар көрсетіледі.

Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін білім алушы басқа ЖООКБҰ-да, оның ішінде шетелде жекелеген пәндерді игереді.

Бұл ретте ЖООКБҰ-лар арасында екіжақты шарт жасалады.

Басқа білім беру ұйымдарында түрлі білім беру тәжірибелерін пайдалану мақсатында «ұтқырлық терезелерінен» білім алушыны басқа ЖООКБҰ-да игеретін уақытша шектеулері, оқу пәндері мен кредит көлемдері айқындалады.

Бәйішев Университеті білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру және іріктеу тәртібін білім алушылар, ПОҚ және қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бұл ретте, мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген шетелде тегін оқуға, оның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберу Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін білім алушы қабылдайтын оқу орнында қарастырылған деңгейде шет тілін білуі керек.

Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының білім алуының қорытынды құжаты – транскрипт немесе оның сол елдегі баламасы болып табылады.

Транскрипт бағдарламасы туралы мәліметтер: пәндер (модульдер) атаулары, бағалар, игерілген академиялық кредиттердің саны енгізіледі.

Білім алушы академиялық ұтқырлық шеңберінде толық көлемде игерген және транскриптпен расталған оқу нәтижелерін ЖООКБҰ міндетті тәртіпте қайта есептейді.

Барлық сұрақтар бойынша Баишев Университетінің халықаралық байланыстар департаментіне хабарласуды сұраймыз.