Университеттің сапа саласындағы саясаты Еуропалық ESG стандарттарының критерийлеріне сәйкес ғылым, білім және мәдениет интеграциясы негізінде сапалы білім беру қызметтерін көрсету арқылы Қазақстанның Батыс өңірінің инновациялық дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы миссиясын, көзқарасын және стратегиясын іске асыруға бағытталған.
Университеттің сапа саласындағы саясаты төмендегі стратегиялық бағыттар мен мақсаттардың жетістігімен байланысты:
Стратегиялық бағыт 1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту
Мақсат: ҚР Батыс өңіріндегі өндірістер үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
Стратегиялық бағыт 2. Үшінші миссияны жүзеге асыру
Мақсат: ҚР Батыс өңіріндегі өндірістерге әлеуметтік жауапты кадрларды тәрбиелеу үшін әлеуметтік-мәдени іс-әрекетті жетілдіру
Стратегиялық бағыт 3. Университет ғылымын дамыту
Мақсат: Қазақстанның Батыс өңірінің инновациялық дамуына ғылымның үлесін арттыру
Сапа саласындағы саясаттың негізгі бағыттары:
- университет қызметінің білім беру, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-басқару, ақпараттық және басқа да салаларында инновациялық көзқарасты дамыту;
- инновациялық экономикаға бейімделген жоғары білімді кадрларды үздіксіз даярлау жүйесін құру, академиялық үдерісті ғылыммен интеграциялау арқылы Қазақстанның Батыс аймағының интеллектуалдық әлеуетін дамыту;
- ұлттық және халықаралық деңгейлерде университет беделін нығайту;
- білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін үнемі жетілдіру мақсатында университеттің кадрлық әлеуетін дамыту, корпоративтік мәдениетті жақсарту, университеттің әрбір қызметкеріне оның қызметінің сапасы үшін жауапкершілік жүктеу;
- ПОҚ мен білім алушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және өзін өзі дамытуға қажетті жағдай жасау;
- университеттің басқару жүйесін Еуропалық ESG стандарттарының критерийлеріне және ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес дамыту;
- университет қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігі көрсеткіштерінің мониторингі негізінде басқару шешімдерін қолдау және қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.
Сапа саласындағы университеттің стратегиялық мақсаттары сапа саласындағы саясатқа сәйкес, 2023-2029 о.ж. басым бағыттардың жетістіктерімен байланысты:
- ҚР батыс өңірі салаларына бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;
- ҚР батыс өңірі салалары үшін әлеуметтік жауапты мамандарды тәрбиелеу үшін әлеуметтік-мәдени қызметті жетілдіру;
- Қазақстанның батыс аймағының инновациялық дамуы үшін ғылым үлесін кеңейту
| Мақсатты индикаторлар | СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 1. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМДІ ДАМЫТУ | ||
| 1 | Университетті аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы бітірушілердің жұмысқа орналасу үлесі | 85 % | |
| 2 | Облыстың салалық кәсіпорындарының нақты қажеттіліктеріне, жаңа кәсіптердің өңірлік атласына сәйкес университеттің білім беру бағдарламаларын әртараптандыру | 100 % | |
| 3 | ЖОО базасында «Күміс университетті» қалыптастыру | 1 | |
| Мақсатты индикаторлар | СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 2. ҮШІНШІ МИССИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ | ||
| 1 | Ұйымдастырылған қоғамдық қызметке тартылған білім алушылардың үлесі | 30 % | |
| 2 | Студенттік кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бағдарламалары бойынша білім алушылардың үлесі | 5 % | |
| Мақсатты индикаторлар | СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 3. УНИВЕРСИТЕТТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ | ||
| 1 | Зерттеу жұмысымен айналысатын ПОҚ үлесі | 40 % | |
| 2 | Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын білім алушылар үлесі | 20 % | |