Baishev University

Университеттің Танылуы

Университет қызметі республикалық, аймақтық, халықаралық деңгейлерде қоғам тарапынан бағаланып  жатады:

  • 2018
    • Студенттік кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті дамытуға белсенді қатысқаны үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрінің Алғыс хаты
  • 2019
    • «Жасыл ел» жастар командасының XV еңбек маусымының нәтижелері бойынша «Үздік университет» номинациясының Дипломы
    • «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы» қайырымдылық қорының «Жалаңтөс Баһадүр» медалі
    • Мер-ак Мерсин академиясы (Мерсин қ., Түркия) ұйымдастырған халықаралық симпозиум аясында «Түркі әлеміне қосқан үлесі үшін» халықаралық медалі 
    • Баишев Университетінің Президенті Ақтөбе облысына көрсеткен қызметі үшін  төсбелгімен және Ақтөбе қаласының 150 жылдығы медалімен марапатталды.
    • «Бөбек» жалпыұлттық  қозғалысының «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» Халықаралық ғалымдар Энциклопедиясы 1-жобасына қатысқаны үшін Алғыс хат   
    • Баишев Университетінің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін нақты ұйымдастырғаны үшін «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК АФ Алғыс хаты
  • 2023
    • Баишев Университетіне «Ұлттық тұтынушылар лигасы» ӨҚҰ тарапынан «Мінсіз» халықтық сапа белгісі» сертификаты берілді. (№ 00054)
  • 2024
    • MBA, PhD доктор, Ағылшын тілін үйрену институтының директоры, Erasmus + университет бағдарламасының үйлестірушісі Мариуш Миштальдің Алғыс хаты
    • «Atameken Rankings» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы ұлттық рейтингінде 2024 жылы Баишев Университетінің «6В07222 – Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы (бағыт: B071 – Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру) осы бағыттағы топ-10 білім беру бағдарламасының қатарында 2-орынға ие болды.

Баишев Университеті ұлттық және халықаралық рейтингтерде тұрақты позиция танытып келеді:

ҚР сұранысқа ие ЖОО-ның Ұлттық рейтингісі – 2021 бойынша Баишев Университеті ҚР-ның ТОП-20 үздік университеті қатарына кірді.

Университет ұсынатын білімге ашық мүмкіндікті бағалайтын «Webometrics  Ranking of World Universities» халықаралық рейтингісінің мәліметтері бойынша Баишев Университеті 2024 жылы ҚР-ның 124 университеті арасында 65-орынды иеленді.

Еуропалық Ғылыми-Өндірістік Палата ARES-2020 Қазақстан үшін Халықаралық рейтингінде Баишев Университеті «В» санаты – оқытудың сенімді сапасы, ғылыми қызмет және жұмыс берушілердің түлектерге деген сұранысы бойынша бағаланды.

Ұлттық бизнес-рейтингінің 2019 жыл нәтижелері бойынша Баишев Университетін бағалауы:
25-орын – «қола» ҚР кәсіпорындары арасында «Үлгілі салық төлеуші» көрсеткіші бойынша; 
26-орын – «қола» ҚР кәсіпорындары арасында «Мемлекеттік бюджетке салым» көрсеткіші бойынша.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы рейтингінде түлектердің жұмысқа орналасуы көрсеткіштері негізінде ББ бойынша Университеттің жұмысқа орналастыру орташа пайызы 85,35% құрайды.

2023 жылы H-index Қазақстандық ұлттық рейтингінде Баишев университеті ҚР-ның 148  білім мекемесі мен ғылыми-зерттеу институты арасында 87-орынды иеленді.